Республика Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу және тілдер, әртүрлі ұлттардың дәстүрлері туралы білімді кеңейту мақсатында елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесі белгіленді. Мерекенің мақсаты-Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды өз халқының ғана емес, сондай-ақ еліміздің кең даласында мекендейтіндердің барлығының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Ана тіліне деген қызығушылық, оны жазбаша және ауызша түрде игеруге деген ұмтылыс әр адамның мәдениетін анықтайды.