«Мақсат колледжі» мекемесі
«Мақсат колледжі» мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АКЦИЯ "ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ"

06.09.2022

Ақмола облысында «Шындыққа жаны жақын Төлеген Қажыбай» атты «Адалдық сағаты» өтуде

Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 1-9 қыркүйек аралығында ақын, жазушы, журналист және қоғам қайраткері Төлеген Қажыбайға арналған «Адалдық сағатын» өткізуде.
Төлеген Қажыбай еңбек жолын 1966 жылы облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің әдеби қызметкері қызметінен бастады. Ол қарапайым жұмысшыдан бас редакторға дейінгі қиын жолдан өтті. Төлеген Қажыбай өмірінің соңғы күніне дейін «Бұқпа!» аймақтық газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
Жазушының жан-жақты шығармашылығы кең жанрлық-тақырыптық диапазонда ұсынылған, ол 30-дан астам поэтикалық жинақтар мен прозалық кітаптар жазды. «Жәпек батыр», «Бопай ханым», «Қарасай-дастан», «Ағыбайдың үш дастаны», «Кене ханның қазасы», «Құлан қырғыны» кең аралап өтуі оны бүкіл ұлтымыздың ұлағатты ұлы екенін толық танытады.
Төлеген Қажыбай бүкпесіз шындықты жырлауға құштар өршіл ақын болды. Жазушы атап өткендей,  ақын болу үшін алдымен өз елінің адал азаматы болу керек.
Сондай-ақ қоғам қайраткері жастарға көңіл бөлініп, олардың дамуына жағдай жасалуы керек деген пікірді ұстанды. Уақыт – адамзаттың кері қайтара алмайтын асыл қазынасы, құны жоқ байлығы. Сондықтан Төлеген Қажыбай жастық шақтың қуатын елінің еңселілігі, жерінің есендігі үшін жұмсаудың қаншалықты бақыт екендігін айтады.

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст