Текст
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Оразалина Айнагүл мен Смағұлова Жамила ел Президенті сайлауының қорытындысын талқылау бойынша "Мақсат" колледжінің студенттерімен дөңгелек үстелде кездесті.
Айта кетейік, 18 жасқа толған колледж студенттері Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беруге барғанын қуана айтты. Студенттер сайлауалды бағдарламаның қандай тақырыптарын қозғағанын айтып берді. Олар бағдарламаны қолдап сөйледі. Бастамашыл студенттерге қолдауды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің барлық аспектілері талқыланды.
Студенттер белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға сенеді.
Жастар-елдің болашағы.
#ЖеңісToqaev2022
# Жеңісtoqaev2022