Есірткіге, психоактивті заттарға және оларды қолданудың салдарына теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында бүгін Степногорск қаласының "Мақсат" колледжі " мекемесінде "жасөспірімдер ортасында есірткі заттарын, темекі қоспаларын, алкогольді қолданудың алдын алу", "құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс өтті . Студенттермен дәрісті "облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК фельдшер-наркологы Метлина Елена Александровна және Степногорск қаласының ювеналды полиция инспекторы Шаракаева Злата Фларидовна өткізді. Дәріс барысында студенттердің назары нашақорлық проблемаларына аударылды, студенттерге есірткі заттары мен темекі қоспаларының адамның денесі мен психикалық денсаулығына әсері, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес есірткі заттарын қолданудың салдары туралы айтылды.
Мұндай іс-шаралар жаман әдеттерге саналы теріс көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іс-шараны "Jana urpaq STEP"ҚҚ ұйымдастырды